Zerdeli International School

Жоғарғы мектеп (9–11 сыныптар)

Жоғарғы мектеп халықаралық емтихандарға дайындалу, университет таңдауға көмектесу, құжаттарды тапсыруға көмектесу, сондай-ақ студенттің профильдік портфолиосын дайындау арқылы жоғары оқу орындарына түсуге бағытталған.

Бейіндік пәндерді оқыту кезінде білім беру бағдарламасының барлық деңгейлерінде Project-based learning және Value Based Learning әдісі қолданылады. Project-based learning — студенттер өз жобаларын құру арқылы пәндерді оқитын оқыту әдісі.