Мектеп тарихы
Зерделі тарихы 2014 жылы Рысбек Мәуіт бастаған үздік математика мұғалімдер командасынан құралған орталық болып білім беруге есігін ашты. Тиімді оқыту бағдарламасы мен оқытушылардың өз ісіне беріле жұмыс істеуі негізінде, уақыт өте келе ата-аналар тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты, Зерделі мектептері қазіргі уақытта еліміздің бірнеше қаласында есігін ашып, мыңдаған оқушыға білім беруде.
Осы уақыт ішінде ата-аналардың сеніміне, оқушылардың махаббатына және білім саласындағы кәсіби мамандардың ерекше ықыласына бөленді. Астана қаласындағы Зерделі мектебі 2023 жылы қыркүйекте есігін ашты.
